• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2016

Бизнес ашуға гранттар ұсынылмақ

446 рет
көрсетілді

Астанада жаңа кәсіп ашқан азаматтарға өтеусіз және қайтарымсыз грант беріледі, бұл жайында Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіп ашып, грантқа ие болуға тағы бір мүмкіндік ашылды. Ашық конкурс аясындағы гранттар кәсіпкерлерге, мүгедек жандарға және 50-ден асқан азаматтарға ұсынылады. Өтінімдер 10 тамыздан -  9 қыркүйекке дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында қабылданады. Мемлекеттік гранттар экономиканың басым бағыттарында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкер ұсынылып отырған грант көлемінің кемінде 10 пайызы мөлшерінде жобаны бірге қаржыландыруы тиіс болады. Грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеу жұмыстарымен және  жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсалынады. Кәсіпкер грантты жылжымайтын мүлік, жер учаскесі және жалға алу үшін төлем ретінде пайдалана алмайды. Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғарғы сомасы 3 миллион теңге. Сонымен қатар кәсіпкер алған қаржыны игеріп, жаңа жұмыс орнын құруы тиіс. Айман МҰҚЫШЕВА