• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Рио-2016: Боксшы Қайрат Ерәлиев қарсыласын жеңді

371 рет
көрсетілді

Бүгін Рио-де-Жанейрода бокстан жекпе-жектер одан әрі жалғасты. Осы сында 56 килоға дейінгі салмақта Қайрат Ерәлиев 1/16 финалдық жекпе-жекте әлемнің 2013 жылғы чемпионы, әзербайжан Джавид Челебиевпен қолғап түйістірді. Бұған дейін екеуі 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында  кездескен болатын. Сол кезде қазақ боксшысы жартылай финалда қарсыласынан жеңілгенін білеміз. Бұл жолы Ерәлиев әзербайжан былғары қолғап шеберінен есесін қайтарды. Есеп - 2:1 (28:29, 29:28, 29:28) Енді келесі айналымда, 1/8 финалда ол өзбек Муроджон Ахмадалиевпен шаршы алаңға шығады. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: egemen.kz