Олимпиадада бокстан өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Қазақстанның ұлттық құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов пен ұлыбританиялық Джош Келли кездесті. 69 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы жеңіске жетті. Есеп - 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).
Данияр енді ширек финалда венесуэлалық Габриэл Маестремен қолғап түйістіреді. Бұл боксшы итальян қарсыласы Винченцо Мангикапре жарақат алып қалуына байланысты рингке шыға алмағандықтан, келесі кезеңге ұрыссыз шықты.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: egemen.kz