• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы

315 рет
көрсетілді

«Мемлекеттік-жеке әріп­тестік туралы» 2015 жыл­ғы 31 қазандағы Заңның 44-бабына сәйкес, әлеуетті жеке серіктес бойынша био­метрия, е-виза, паспорт­тық бақылаудың автоматтан­дырылған жүйесін (e-gate) және шетелдік жұмыс­шы­ларды басқару жүйесін қам­титын көші-қонды бақы­лау­дың бірыңғай ықпалдасқан жүйесін құру және енгізу тура­лы мемлекеттік-жеке әріп­тестік жобасы бастама­сы­ның көтерілгені хабарланады. Хабарлама жариялан­ған­ күннен бас­тап 30 күн бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы» Заң мен Ұлттық экономика министр­лігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемле­кет­тік-жеке әріптестік жобаларын жоспарлау мен жүзеге асы­рудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығы та­лаптарына сәйкес, мемле­кеттік-жеке әріптестік тұжы­рым­дамасы мен шарттың жобасы түрінде баламалы ұсы­ныстар қабылдайды. Мемлекеттік-жеке әріп­тестік тұжырым­дамасы мен шарттың жобасына келесі ақпарат берілуі керек: – әлеуетті жеке серік­тестің атауы мен мекенжайы; – мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке азаматтар үшін); – заңды тұлғалардың басшылары мен иелері және әлеуетті жеке серіктесті ұсынатын тұлғалар туралы мәліметтер; – интеллектуалды шығар­машылық қызмет нәтиже­леріне дербес құқығын растайтын құжаттар; – баламалы жүйені өзге елдерде орналас­тыру тәжі­ри­бесі туралы ақпарат. Толық ақпарат Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтына орналасты­рыл­ған. Байланыс: ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, тел.: 87172 72-04-71