• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Елбасы жеңімпаздарды құттықтады

797 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланыс­ты Нижат Рахимовқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтады. «Қазақстандықтар сенің өне­ріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жан­кештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық коман­дасына алғашқы алтын медальды әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спорт­шыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Баландинге Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Д.Балан­динді суда жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Сенің жарқын жеңісің қазақ­стандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті спорт­шы­ның келешекте жаңа белестерді бағын­дыруына тілектестік білдірді.