• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Кітап оқығандар көп жасайды

686 рет
көрсетілді

Ғалымдар кітапты көп оқитын, мерзімді басылымдарды шолып шыққанды ұнататын адамдар ештеңе оқымайтын адамдармен салыстырғанда біршама ұзақ жасайтынын анықтады. Тәжірибеге жасы 50-ден асқан 3 635 адам қатысқан. Зерттеушілер оларды аптасына 3 сағаттан артық оқитындар, аптасына үш сағаттан аз оқитындар және кітап, газет-журналдарды мүлдем оқымайтындар деп үш топқа бөледі. 12 жыл бойы жүргізілген бақылау нәтижесінде оқитындардың арасындағы өлім-жітім көрсеткіші оқымайтындарға қарағанда 6 пайызға аз екені байқалған. Сондай-ақ, кітапқұмарлар басқалармен салыстырғанда шамамен 23 айға ұзақ жасайтыны белгілі болды. – Адамның өмірін ұзартуға газет-журналға қарағанда кітаптың әсері күшті. Себебі, кітап адамды жаңа материалға, тіпті, жаңа әлемге сүңгітіп жібере алады. Кейіпкермен бірге уайымдайсың, қуанасың. Соның арқасында оқырманның ойлау қабілеті артады, сөздік қоры көбейеді, – дейді ғалымдар. Тәжірибеге қатысқан адамдар қандай кітап оқығанын айтпапты. Алайда, зерттеушілер олардың көпшілігі көркем әдебиет оқыған деп санайды. Алдағы уақытта ғалымдар аудиокітаптар, электронды кітаптар адамның өмір жасының ұзақтығына қалай әсер ететінін зерттеуді қолға алмақ. Нұрхан САМАРХАН