• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Ботай мәдениетінің мәйегі

349 рет
көрсетілді

Атақты продюсер, режиссер және антрополог Найоби Томпсонның жетекшілігімен Clearwater Docu­men­tary (Канада) телевизиялық компания­сы Ботай мәдениеті туралы деректі фильм түсіреді. Түсірілім Дания мен Ұлыбри­тания университеттерінің ар­хеолог-ғалымдары мен ге­нетик­терінен жасақталған ко­манданың қаты­суымен Сол­түстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан Ботай археологиялық қазбалар маңында жүргізіледі. Жоба Қазақ географиялық қоға­мы­ның қолдауымен ұйымдас­ты­рылып отыр. Ғылыми-зерттеулерге сүйен­сек, Ботай мәдениеті – да­ла өр­­кениетінің қайнар көзі. Еура­зия құрлығында аттың қолға үйретілген кезі де осы Ботай мәде­­ниетінің уақыты.  Ғалым­дар­дың пайымдауынша, қа­зіргі Қазақ­станның жерінде ат­тар қолға үйретіліп, кейін бүкіл жер жүзіне тараған. Ботай ескерткіші Иман-Бұр­лық өзенінің жағасында орналас­қан. Ол ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»