• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Жаңа маусым жаңалықтары

350 рет
көрсетілді

7 қыркүйек күні елордадағы «Астана Опера» театрының Камералық залында ІV концерт маусымының ашылу салтанаты өтеді. Кеш белгілі қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен және Камералық оркестрдің қатысуымен өтеді. Камералық залдың жетек­шісі әрі концерттің жүр­гізушісі, музыкатанушы Мар­жан Жәке­нованың айтуынша, жаңа мау­сымның концерті тосын сыйлар мен қызықты бағдар­ламаларға толы болмақ. «Ал­дағы концерт маусымында «Астана Опе­­раның» жұлдыз­дары, яғни, опе­раның жетекші солистері, талантты аспапшылар, сондай-ақ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, әйгілі «Мәскеу шеберлері» ка­мералық оркестрінің бірінші скрипкашысы Алексей Лун­дин, авс­триялық пианиношы Штефан Матиас Ладеман, баш­құрт вио­лончельші Рүстем Ха­­би­буллин секілді шеберлер өнер көрсетпек. Біздің жас көрермендерімізді де әр жек­сенбі сайын өтетін тұсау­кесерлер мен тартымды кон­цертт­ер күтіп тұр»,  деді Мар­жан Жәкенова бұл турасында. Ашылу салтанатында кө­рер­мен әр кезеңнің, мәселен, барокко, классицизм және романтизм дәуірлеріндегі ұлы композиторлардың му­зыкалық шығармаларынан сусындайтын болады. Көрермен назарына В.А.Моцарттың, И.С.Бах­тың, Ф.Шуберттің тамаша туындылары ұсынылады. Концертке Эльдар Сапараев дирижерлік етеді. Эльдар Сапа­раев қазақстандық көрер­мен үшін шебер виолончельші ретінде жақсы таныс, демек, бұл оның дирижер ретіндегі алғашқы дебюті болмақ. Бүгінгі күнге дейін Эльдар Сапараев Швейцария, Хорватия, Италия және Германия секілді елдерде өткен бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып үлгерген. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»