• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Отандық өнім озық деп танылды

572 рет
көрсетілді

Қазақстан бүгінде өз өнім­дерімен елімізді қамтама­сыз етумен қатар, сыртқа экс­порттаумен де айналысып келеді. Мәселен, елімізде құс етін өндіретін фабрика өз өнімдерін талапқа сай өндіруде. Бүгінгі күнде құс етін өндіріп отырған 6-7 кәсіпорын болса,  күркетауық өсірумен әзірге бір шаруашылық қана айналысуда. 2010 жылы жұмысын бастаған «Ордабасы Құс» фабрикасы  биыл ТМД елдерінің арасында үздік деп танылып отыр. Елімізде күркетауық етіне деген сұраныс та артқан. Күніне 350-400 құс бордақыланып, өнім береді. «Біз үшін сапа басты мәселе құстардың жем-шөбіне баса мән береміз, ол үшін  өзімізде өндірілген бидай өнімдерін, жүгері дәндерін, соя, пістені пайдалану арқылы сапалы өнім дайындап отыр­мыз, дейді, кәсіпорын басшысы Мұрат  Тағаев.  Биылғы жылы 10 жарым мың тонна өнім алуды жоспарлаған кәсіпорын 2020 жылға дейін өнімді екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр. Шетелде ет өндіруде еттің көлемін ұлғайту үшін түрлі қоспалар қосып жасалынады, бұл адам ағзасына өте зиян. Сырт­тан келген сапасыз тауарлардың сын көтермейтінін ескерсек,  ха­лықтың денсаулығына пайдалы табиғи өз  өніміміз алға шығары сөзсіз. Күркетауық етінің құрамын­да ақуыз бен фосфордың көп мөлшерде болуына байланысты диеталық тағам түрі болып табылады. Натрий, калийге бай күркетауық етінің  қан айналы­мын жақсартатын да қасиеті бар.  Осындай емдік қасиеті бар, табысы мол өнімді алу үшін зауыт­та израилдік технология­мен жабдық­талған автоматты жүйе­лер іске қосылған.  Бүгінде кәсіп ашамын деген әр азаматқа Үкімет қолдау көрсетіп, субсидия беріп,  қаржылық көмек алуға төмен пайызды несие де ұсынып отыр. Осы орайда, Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жа­сап отырғаны «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында да нақты көрі­ніс тапқан болатын.  Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау саласы жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға, біз­дің экономикамызға қосымша төзімділік береді. – Мемлекет сіздердің биз­нес­теріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағ­дай­ды жасады. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады, – деп атап көрсеткен болатын Елбасы Н.Назарбаев. Айман МҰҚЫШЕВА