• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

440 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, еліміздің батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал республиканың қалған аймақтарында күн райы ашық болады. Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Жамбыл мен Қызылорда облыстарының кейбір аумақтарында шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Талғат РАЙЫМБЕК
Соңғы жаңалықтар