Компания аспан асты еліне сатқан 621 көлікті кері қайтарып алатын болды. Оған себеп – машинаның қауіпсіздік жастығында ақаудың болуы.
Қытай мемлекеттік сапа басқармасының мамандары таратқан мәліметке сүйенсек, 2010-2011 жылы жасалған «Италия» сериалы және 2009-2011 жылдары шыққан «Калифорния» сериялы көліктер Ferrari компаниясына қайтарылады. Ал бұл машиналарды компания мамандары мұқият тексеріп, кеткен ақаудың барлығын тегін жөндеп береді.
Талғат РАЙЫМБЕК