• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Хакан Шүкір мен оның әкесін қамау туралы бұйрық берілді (видео)

495 рет
көрсетілді

Түркия билігі елдің құрамасы мен «Галатасарай» командасының бұрынғы шабуылшысы Хакан Шүкір мен оның әкесі Семет Шүкірді қамауға алу туралы бұйрық берді. Milliyet газетінің жазуына қарағанда, Сакарьяның бас прокуратурасы кеше Фетхуллах Гүленнің террорлық ұйымына байланысты жүргізілген тексерістің шеңберінде осындай шешім қабылдаған.  Осының негізінде Сакарья полициясы басқармасының қызметкерлері қазір АҚШ-та тұрып жатқан Хакан Шүкірдің Ыстанбұлдағы үйіне тінту жүргізген. Мұндай тінту сондай-ақ футболшының Адапазарада тұрып, құрылыс ісімен айналысатын әкесінің үйіне де жасалған. Бірақ үйде Семет Шүкір болмай шыққан. Ал Хакан Шүкірді қамау туралы шешім қызыл бюллетень бойынша қабылданған. Мұрат АЙТҚОЖА Хакан Шүкір – 2002 жылғы әлем чемпионатында ең тез соғылған (9,8 секундта) голдың авторы. https://youtu.be/3DcsndxRhZo