• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Бүгін шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы шығады

269 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан спортшылары жарыстың бес түрінен сынға түседі. Бірінші болып жарысқа сағат 17.30-да академиялық есуден Владислав Яковлев шығады. Ол «Лагоа» стадионында өтетін финалдық бәсекеге қатысады.  Одан кейін осы жерде ескек есуші Светлана Германович финалда бақ сынасады. Оның қатысатын жарысы сағат 18.00-де басталады. 18.00-де нысана көздеуден де сайыстар өтеді. Оған Юрий Юрков қатысады. Ол 50 метр қашықтықтағы нысананы жатып атудан ел намысын қорғайды. Сағат 18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. Онда Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады. Сағат 22.30-да 75 килоға дейінгі салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Ол 1/8 финалда алжирлік Ильяс Аббадимен қолғап түйістіреді. Бүгін сондай-ақ, спорттық жүрістен жарыстар өтеді. Сағат 23.30-да жалауы көтерілетін жарысқа Георгий Шейко қатысады. Ол ерлер арасындағы 20 шақырымдық додада бақ сынасады. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: egemen.kz