• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2016

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сайтында «шағымдану» бөлімі ашылды

362 рет
көрсетілді

Енді кез-келген азамат Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпараттың жарияланғаны туралы хабарламасын министрлік сайтының осы бөліміне қалдыра алады. Қоғамдағы түйткілді мәселелер саналатын терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және әлеуметтік желідегі суицидті, есіртікні насихаттаған сайттарға қатысты заң бұзушылық әрекеттерді байқаса, материалдың сілтемесін енгізіп, шағымын уәкілетті органға жолдауға мүмкіндік бар. Министрлік әрбір шағым бойынша жедел әрекет етіп, жарияланған материалдарға құқықтық баға беретін болады. Егер заң бұзушылық айқындалса, олар еліміздің аумағында бұғатталады. «Бізге журналистер тарапынан қандай да бір ресурстың не себепті бұғатталғаны туралы сауал жиі түседі. Осы орайда біз мұндай ақпарат қоғам үшін ашық болуы керек деп санаймыз. Сондықтан алдағы уақытта ресурстардың жабылу себебін көрсете отырып, бұғатталған сілтемелер базасын құруды жоспарлап отырмыз», – дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.