• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Ақкөлдегі бассейн кешені Дмитрий Баландиннің атын алады

313 рет
көрсетілді

Ақмола облысынна қарасты Аққкөл ауданының орталығындағы бассейн кешеніне Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің аты берілетін болып шешім қабылданды. Бұл жөніндегі ұсыныс жергілікті жастардан шығып отыр. Белсенділердің бірі осының өзі қаланың кішкентай тұрғындарының мұнда көптеп келулеріне үлкен серпін беретін болады. Бассейннің ұзындығы 25 метр болса, ені 8,5 метрді құрайды. Ол аудандағы бірден-бір осындай спорт мекенжайы болып табылады. Мұнда күн сайын жүзге жуық адам келеді. Бұл жерде бір жарым жылдың ішінде 600-ден астам бала жүзуді әліппесінен бастап үйреніп шығыпты. Олардың 30-ға жуығы облыс атынан республикалық жарыстарға қатысып жүр. «Күніне кемінде 120 әуесқой келеді. Жас мөлшерлері әртүрлі. Жасы да бар, жасамысы да бар. Мұнда суға жүзуді кәсіби меңгергісі келетіндер көп. Шәкірттерімнің алды республикалық жарыстарға қатысып жүр. Енді әлемдік додаға түссе деймін», дейді жаттықтырушы Сергей Девятко. Бақберген АМАЛБЕК