Кеше еліміздің Бас Прокуроры Жақып Асанов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті.
Әңгіме барысында Қазақстанның Бас Прокуроры заманауи кезеңдегі қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.
Тараптар екі ел арасындағы құқықтық іс-қимыл бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Соның ішінде, терроризм және экстремизммен күрес, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екіжақты құқықтық базаны кеңейту саласындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды.
Олар қол жеткізілген ықпалдастық деңгейін ризашылықпен атап өтіп, қылмыспен күрес бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандыру қажеттілігіне назар аударып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.