• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Эльбрус шыңын еңсерді

349 рет
көрсетілді

Қазақстанның әскери қызметшілері Эльбрус тауының шыңына шықты. Олар арнайы байқау кезінде тауға бірінші болып көтеріліп, оның ең биік шыңына еліміздің көк байрағын тікті. Эльбрус – Еуропадағы ең биік тау болып саналады. Ресейдің Қабарда-Балқар Республикасында орналасқан қарт таудың шыңына бұған дейін де көптеген альпинистер көтерілген. Бұл жолы байқауға Қазақстан, Ресей, Қытай мен Иранның әскерилері қатысты. Олар 10 күн бойы Кавказ аймағында болып, 105 шақырым жолды жүріп өтті. Бұл байқау сарбаздардың шыдамдылығы мен шымырлығы, жігері мен жинақылығы сыналатын алаңға айналды. Қазақстан әскерилері осы сыннан сүрінбей, таулы-тасты жерлермен жүріп, өткелдер мен өзендерден өтіп, өзге елдердің әскерилеріне өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әскерилердің халықаралық ойындары кезінде Қазақстанның Қарулы Күштері «Десанттық взвод» байқауына да қатысты. Ресейдің Новороссийск қаласының маңындағы Раевский полигонында жалауы желбіреген жарыста жауынгерлеріміз екінші орынды иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»