Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда 85 кг салмақта сынға түсіп, төртінші орын алды.
Уланов жұлқа көтеруде 175 кг нәтижемен төртінші орынға тұрақтады. Серпе көтеруде үшінші талпынысында ғана 215 килоны бағындырды.
Сөйтіп, жиынтығында 390 кг салмақ жинаған Денис төртінші орыннан аса алмады. Қола жүлдені алған румын Габриэль Синкраян да осындай салмақ алды. Бірақ жеке салмағы біздің атлеттен жеңіл болып шықты.
Ал чемпиондық атақ ирандық Киануш Ростамидің ырқында кетті. Ол 396 кг (179+217) салмақ көтеріп, өзінің рекордына өзгеріс енгізді. Екінші орынға қытайлық Тянь Тао шықты. Ол 395 кг (178+217) салмақты еңсерді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ