• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлы 1/4 финалда экс-қазақстандықпен түседі

334 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарында 75 килоға дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының 1/4 финалда кіммен жұдырық сілтесетіні белгілі болды. Бұл жолы біздің бағланның қарсыласы Әзербайжан құрамасының үміті Камран Шахсуварлы (суретте) болып шықты. Ол Ақтөбе қаласында туып-өскен боксшы. Кезінде Қазақстан чемпионаттарына да қатысқан. Екі рет қола жүлдегер атанған. 2011 жылы Серік Қонақбаев турнирінде топ жарды. Ал 2013 жылы тарихи отанына оралды. Онда барғасын елдің чемпионы болды. Мұның алдында 25 жастағы Камран ресейлік Артем Чеботаревті 2:1 (29:28, 29:28, 28:29) етіп ұтқан болатын. Бір айта кететін жайт, орыс боксшысының да қазаққа қатысы бар. Оның анасы қазақ қызы, Саратов өңірінің тумасы. Жәнібектің мұның алдында алжирлік Ильяс Аббадиді әдемі ұтқанын көз көрді. Енді Әлімханұлы – Шахсуварлы шайқасында жеңгені медальге де қол жеткізеді. Бұл ұрыс 15 тамыз күні өтеді. Ол 22:00 сағатта «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ