2016 жылғы 6 қаңтар, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 100 және 104 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 107-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«107 Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты
001 Казақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер
100 Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 100, 101, 105, 109, 114 және 119-бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу»;
637 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
100 «Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
111 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«111 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының күрделі шығыстары»;
6 «Жалпы кадрлық мәселелер» функционалдық кіші тобында: мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы мен 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 244-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«244 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
008 Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау
006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен
018 Грант есебінен»;
мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«012 Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 100, 101, 103, 104, 105 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 244-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«244 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
001 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл
100 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
101 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру
103 Әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
105 Ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми-қолданбалы әдістемелер әзірлеу
111 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің күрделі шығыстары»;
мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116 және 119 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасы мен 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 244-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«244 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
014 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру және сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметтер
100 Сыбайлас жемқорлық қылмыстары және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету
101 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
5 «Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы мен 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 244-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«244 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
013 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
100 Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
101 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру»;
6 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру» функционалдық кіші тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша: мынадай мазмұндағы 105 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«105 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің міндетін атқарушы Р.ДӘЛЕНОВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12937 болып енгізілді.