Рио-де-Жанейрода 51 кг салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова 1/8 финалда француз Сара Урамунмен жұдырық сілтеседі.
34 жастағы Сара 2008 жылы әлем чемпионы болған. Ал Астанада биыл өткен чемпионатта Жайнамен бірге қола жүлде жеңіп алды. Ол Риодағы турнирде мұның алдында марокколық Зохра Әз-Захрауиді 3:0 етіп ұтқан.
Енді бұлардың арасындағы ширек финалдық шайқас 17 тамыз күні өтеді. Ол Астана уақытымен 02:15 сағатта басталады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ