• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Жерге қатысты мораторий 5 жылға ұзартылуы мүмкін (фото)

351 рет
көрсетілді

Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қазақстандықтардан жерге қатысты 12 838 қоңырау түскенін айтты. Сонымен қатар, комиссия төрағасы jerturaly.kz сайтқа тұрғындар тарапынан 984 ұсыныс пен өтініш жазылғанын жеткізді. Жалпы, бұған дейін жер реформасы жөніндегі алқалы жиын Алматы, Ақмола, Қызылорда және Атырау облыстарында өткізілген болатын. Онда комиссия мүшелері тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдаған болатын. Ал бүгінгі отырыста Жер кодексіне жарияланған мораторий мерзімі бес жылға созылуы мүмкін екендігі айтылды. «Мораторий жарияланған мәселелер бойынша мынадай ұсыныс айтқымыз келедi – осылардың негiзiнде қабылданған мораторий мерзiмiн 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейiн созу туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жасау», – дедi комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов. Айта кетейік, жиында ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру институтын сақтау, тұрақты мониторинг жүргізу арқылы жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалануына бақылауды күшейту, Жер кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін берудің жеке және егжей-тегжейлі регламенттейтін тәртібін белгілеу, елді мекендердің айналасындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңдарын айқындау, ЖТҚ-ға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтарына сатып алу мүмкіндігін беру мәселелері қаралуды. Динара БІТІКОВА Фото: Мұхтар Холдарбеков