• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Мұхтар Тайжан: «Жер реформасы комиссиясы жемісті жұмыс істеді»

483 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында «Құқық» тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан оның жемісті жұмыс істегенін атап өтті. «Біздің комиссияның жұмысы жемісті болды деп есептеймін. 3 айдың ішінде тиісті шешімді жасап отырмыз. Менің ойымша, біз ұсынған шешім қабылданса, ол халықтың көңілінен шығады. Себебі, 5 жыл жер ешкімге сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді. Халықтың қалауы да сол болды. Ал осы 5 жылда біз халыққа керек барлық шешімдерді жүзеге асыруымыз керек», – деді Мұхтар Тайжан. Динара БІТІКОВА