• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2016

Рио-2016: Ольга Рыпакова финалға жолдама алды

244 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде финалдық кезеңге шықты. Лондон Олимпиадасының чемпионы кавалификациялық сынақта 14,39 метрге секірді. Бұл оның турнирдің финалдық жарысында күш сынасуына мүмкіндік әперді. Финал 15 тамыз күні Астана уақытымен таңертеңгі 06:00 сағатта басталады. Айта кетуіміз керек, Рыпакова екінші талпынысында керекті нәтижеге қол жеткізді. Бірінші жаттығуда ол 14,10 метрге жетті. Ал колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,52 метрлік көрсеткішті көрсетті. Еске түсіре кетейік, Ольга Рыпакова Лондонда 14,79 метрлік көрсеткішпен іріктеу кезеңінде бірінші болған еді. Ал финалда 17,98 метрлік деңгеймен чемпион атанып еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ