Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындар бокс турнирінің 1/16 финалында 52 кг салмақтағы қазақстандық Олжас Сәттібаев пуэрториколық Джесус Джевиер Кантронмен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Олжас өзінің турнирдегі бірінші ұрысының бірінші раундында қарсыласына есе жіберсе, келесі екі раундта басым түсті. Осы басымдық оған қорытындыда жеңіс алып берді.
Енді ол 1/8 финалда әзербайжан Эльвин Мамишзадемен қолғап түйістіреді. Ол Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.
Эльвин Мамишзаде - әлемнің 2015 жылғы чемпионы, Еуропа ойындарының 2015 жылғы чемпионы, Еуропаның 2010 жылғы күміс жүлдегері, 2013 жылғы қола жүлдегері.
Егер Олжас бұдан өтсе, өзбек Шахобидин Зоиров пен АҚШ боксшысы Антонио Варгастың қай жеңгенімен 18 тамыз күні кездеседі.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ