• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Данияр Елеусінов жартылай финалға шықты

246 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_56527" align="aligncenter" width="560"] данияр елеусінов[/caption] Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде 69 кг салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов 1/4 финалдық шайқаста венесуэлалық Габриел Маестремен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, медальдар ауылына енді. Енді Данияр жартылай финалда франциялық Соулеймен Диоп Сиссохомен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 15 тамыз күні сағат 21:30-да басталады. Ал келесі жұпта марокколық Мохаммед Рабии мен өзбек Шахрам Гиясов шайқасады. 2015 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының финалында Осы Рабии біздің Даниярды финалда жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұл салмақта финал 18 тамыз күні сағат 01:30-да ойналады. Бұдан бұрын Габриел Маестре Бүкіләлемдік бокс сериясында біздің Бекзод Халметовпен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ