Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде 91 кг салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық шайқаста кубалық Эрисланди Савонмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Финалда ол енді ресейлік Евгений Тищенкомен кездеседі. Евгений бұған дейін өзбекстандық Рустам Тулягановты 3:0 етіп ұтқан болатын. Демек, бұл салмақта қола медаль өзбек Рустам Туляганов пен кубалық Эрисланди Савонға бұйырып отыр.
Бұл салмақтағы финал 16 тамыз күні 04:15 сағатта ойналады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ