• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2016

Рио-2016: Жарыстың тоғызыншы күнінен біз не күтеміз?

241 рет
көрсетілді

Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың тоғызыншы жарыс күнінен біз қандай жүлде күте аламыз? Біздің бүгінгі назарымыз ауатын жарыстардың арасында үш қарғып секіруден финалдық сайыс, грек-рим күресі шеберлерінің жаңа басталатын сөресі, ерлер мен әйелдер боксы бар. Осылардың арасында палуан Алмас Кебісбаев, жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова бар. Даңқты жеңіл атлетіміз кеше өткен іріктеу сынында 14,39 метрге секіріп, үшінші нәтиже көрсетті. Ал бірінші болған колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,52 метрге секірді. Финал бүгін таң алдында, 15 тамыз күні Астана уақытымен 06:00 сағатта басталады. Еске түсіре кетейік, Ольга Рыпакова Лондонда 14,79 метрлік көрсеткішпен іріктеу кезеңінде бірінші болған еді. Ал финалда 17,98 метрлік деңгеймен чемпион атанған болатын. Палуан Алмас Кебісбаев (59 кг) медаль үшін барын салуға тиіс. Бұдан қалды, Досжан Қарпықов та осы жолдан табылады деп үміттенеміз. Қыздарымыз да бокстасуларын бастайды. 75 килоға дейінгі салмақтағы Дариға Шәкімова 1/8 финалдық шайқасты сағат 20:15-те канадалық Ариан Фортинмен өткізеді. Егер бұдан асса, 17 тамыз күні сағат 23:45-те ойналатын 1/4 финалда марокколық Хадиджа Мардимен қолғап түйістіріп, медальдар ауылына кіру үшін күреседі. Бүгін боксшы жігіттеріміз арасынан Қайрат Ерәлиев пен Әділбек Ниязымбетовті де көретін боламыз. 56 кг салмақтағы Қайрат 1/8 финалда өзбек Муроджон Ахмадалиевпен күш сынасады. Ал 81 кг салмақтағы Әділбек Ниязымбетов 1/4 финалда әзербайжан Теймур Мәмедовпен айқасады. Бұлардың қай жеңіске жеткені медальдар ауласына енеді. Ал жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатси мен алжирлік Абделхафид Бенчабла жұбының жеңгенімен кездеседі. Мұндағы Буатси осының алдында өзбек Элшод Расуловты үш рет ұрып құлатып, соңғысында нокаутқа жіберген еді. Егер Қайрат жеңіске жетер болса, 1/4 финалда алжирлік Езекуел Альберто Мелиан мен тунистік Билел Мхамдидің арасындағы жекпе-жекте ұтқанымен ұшырасады. Міне, бүгінгі күннің бізге ұсынатын сайыстары осындай. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ   Сонымен, бүгінгі күннің жарыстар кестесімен таныс болыңыздар: Нысана көздеу. Ерлер. Винтовкамен үш сипаттан көздеу (50 метр). Квалификация Спортшы: Юрий Юрков Басталар уақыты: Сағат 18:00 Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер Спортшылар: Гүлжанат Жанатбек, Ирина Смольникова Басталар уақыты: Сағат 18:30 Грек-рим күресі. Ерлер. 59 кг Спортшы: Алмат Кебісбаев Басталар уақыты: Квалификация – сағат 19:00. Тікелей эфир (KazSport) Грек-рим күресі. Ерлер. 75 кг Спортшы: Досжан Қартықов Басталар уақыты: Квалификация - сағат 19:06. Тікелей эфир (KazSport) Синхронды жүзу. Дуэт. Еркін бағдарлама Спортшылар: Александра Немич, Екатерина Немич Басталар уақыты: Сағат 20:00 Бокс. Әйелдер. 75 кг. 1/8 финал Спортшы: Дариға Шәкімова Басталар уақыты: Сағат 20:15. Тікелей эфир («Қазақстан») Велотрек. Омниум. Скретч Спортшы: Артем Захаров Басталар уақыты: Сағат 01:40 Бокс. Ерлер. 56 кг. 1/8 финал Спортшы: Қайрат Ерәлиев Басталар уақыты: Сағат 03:15. Тікелей эфир («Хабар») Бокс. Ерлер. 81 кг. 1/4 финал Спортшы: Әділбек Ниязымбетов Басталар уақыты: Сағат 05:00. Тікелей эфир («Хабар») Жеңіл атлетика. Үш қарғып секіру. Әйелдер. Финал Спортшы: Ольга Рыпакова Басталар уақыты: Сағат 05:55. Тікелей эфир («Қазақстан»)