• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2016

Ресей мен Түркия АҚШ долларына соққы беруге келісті

250 рет
көрсетілді

Ресей мен Түркия өзара сауда қарым-қатынасында өз валюталарын қолдану жөнінде келісім жасасып, АҚШ долларына соққы беруге ұйғарым жасасты. Мұндай уағдаластыққа екі ел басшыларының Санкт-Петербургте өткен кездесуі кезінде қол жеткізілді. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресеймен жүргізілген келіссөз барысында өзара есеп айырысу кезінде өз мемлекеттерінің валюталарын қолдану жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді. Түркия мен Ресей сауда жасасу кезінде өздерінің ұлттық валюталарын қолдана алады, деп баяндады Реджеп Тайип Ердоған. Ол сонымен бірге саудада ұлттық валютаны пайдалану екі ел үшін де тиімді екенін атап өтті. Түріктің Haberturk газетінің жазуынша, ұлттық валюталарды қолдану саудадағы жағдайды да түзетіп, екі елдің бәсекеге қабілеттіліктерін көтере түседі. Сарапшылар қазір осындай пікір білдіріп отыр. Бұл өз кезегінде АҚШ долларының әлсірей түсуіне әсер етеді. Мұрат АЙТҚОЖА