• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2016

Рио-2016: Олимпиаданың бокстан алғашқы чемпионы белгілі болды

358 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар арасындағы сайысы алғашқы чемпионының есімі белгілі болды. Мұндай атаққа 49 килоға дейінгі салмақтағы өзбекстандық Хасанбой Дусматов қол жеткізді. Өзбектің 23 жастағы боксшысы финалда 24 жасар колумбиялық Юберген Херней Мартинесті 3:0 (29:28, 30:27, 30:27) етіп тізе бүктірді. Қола медальдарды америкалық Нико Мигуел Эрнандес пен кубалық Йохнис Аргилагос алды. Хасанбой Олимп тұғырына көтерілу жолындағы 1/4 финалда қазақстандық Біржан Жақыповты 3:0, жартылай финалда АҚШ өкілі Нико Мигуел Эрнандесті 3:0 етіп ұтты. Хасанбой Марфжон угли Дусматов 1993 жылғы 24 маусымда Әндіжан облысында туған. Ұлты - өзбек. Бұған дейін 2013 жылы Қазанда өткен жазғы Универсиаданың чемпионы болған. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ