• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2016

Рио-2016: Кебісбаев қола медаль үшін таласта ұтылып қалды

263 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда қазақстандық грек-рим күресінің шебері Алмат Кебісбаев (59 кг) қола медаль жолындағы таласын екі белдесумен аяқтауға мәжбүр болды. Жұбаныш раундында сынға түскен жерлесіміз әуелі Олимпиада чемпионы, әлемнің алты дүркін чемпионы ирандық Хамид Сорианды жеңді. Ол басында атақты палуанға ұтылып жатты. Бірақ соңғы сәтте Сорианның жауырын жерге тигізіп, таза жеңіске жетті. Бұдан кейін Алмат Кебісбаев норвег Стиг Андре Бергемен белдесті. Айқаста Скандинавия өкілі 2:0 есебімен ұтып кетті. Осылайша қазақстандық спортшы қола медаль жолындағы күресушілер қатарынан шығып қалды. Алмат Кебісбаев 1/16 финалдық бірінші күресінде ресейлік Ибрагим Лабазановты 4:0 етіп ұтқанымен, 1/8 финалда жапон Шинобу Отаға 0:6 есебімен жол беріп алды. Кейін Күншығыс елінің атлеті финалға шыққасын, қола жүлде үшін күресу мүмкіндігін алды. Алайда, ол да бір ұтыс, бір ұтылыспен тәмамдалды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ