• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2016

Рио-2016: Қайрат Ерәлиев өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

258 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындар бокс сайысының 1/8 финалында 56 килоға дейінгі салмақта өзбекстандық әріптесі Муроджон Ахмадалиевпен қолғап түйістірген Қайрат Ерәлиев 0:3 (28:29, 28:29, 28:29) жеңіліп қалды. Қазақстандық боксшылар сапынан бұған дейін Берік Әбдірахманов (60 кг), Біржан Жақыпов (49) және Абылайхан Жүсіпов (64) жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұлардың арасынан тек Біржан ғана бір жекпе-жегін жеңіспен аяқтап үлгерді, қалған екеуі бірінші ұрыстарында-ақ жеңіліске ұшырады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ