Аталған елдің солтүстік-шығысында үйлену тойына бара жатқан қонақтары бар автобус шатқалға құлап кеткен. Салдарынан 22 адам опат болып, 50 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
Полицейлердің айтуынша, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Өйткені, жарақат алғандардың ішінде ауыр жағдайдағы науқастар бар.
Қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, автобустағы жолаушылар саны тым көп болған. Сонымен қатар, жүргізуші көліктің жылдамдығын шектеулі шамадан асырып жіберген. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талғат РАЙЫМБЕК