Қазақстанның оңтүстігі мен батыс облыстарында алдағы 3 күн бойы өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Дегенмен, «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорынның хабарлауынша, аталған аймақтарда ауа температурасы күндіз 38 градусқа дейін көтерілмекші.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік пен орталық және шығыста жауын-шашын болмайды. Бұл өңірлерде ауа райы күндіз 33, түнде 15 градус 0-ден жоғары.
Айта кетейік, Астанада ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз 26-28, түнде 12-14 градус жылы.
Талғат РАЙЫМБЕК