Олимпиадада бокс турнирі жалғасып жатыр. Бүгін 69 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов Францияның үмітін арқалап барған боксшы Соулейман Диоп Сиссохомен кездесті.
Осы айқаста қазақ былғары қолғап иесі қарсыласын жеңіп, Олимпиада чемпионы атағы таласқа түсетін финалға шықты. Финалда Елеусінов өзбек Шахрам Гиясовпен қолғап түйістіреді.
Дастан КЕНЖАЛИН
Фото: kfb.kz