UIB Университеті Дүниежүзілік сауда ұйымының RTCP (сауда саясаты бойынша аймақтық курс) үшін академиялық серіктес болып бекітілді. Бұл университетке әлемнің 30 елі үкіметтерінің өкілдеріне арналған семинарлардың төртжылдық сериясын ұйымдастырудың айрықша құқығын береді. Жыл сайын ДСҰ Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде жоғары лауазымды тұлғаларға 2 айлық семинарлар өткізеді.
UIB Университетінің қол жеткізген жетістігі – әрине атап айтуға тұрарлық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болудың бірінші жылы ішінде Қазақстан енді өте маңызды әрі ықпалды семинарлар жүргізбек. Соның нәтижесінде 30 елдің топ-менеджерлері ұйым жұмысымен және оның процедураларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Семинарға қатысушылар Алматының және Қазақстанның тәжірибесімен танысуға, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын бағалау және Елбасының басшылығымен республикамыздың қарыштап дамуының мән-жайына қанығады. Бұл Қазақстанның академиялық бірлестігіне де пайдасын тигізеді. Өйткені, қонақтар мен қабылдаушы университет арасында біліммен және тәжірибемен алмасу мақсатында семинарларды жетекші жоғары оқу орындарының қабырғаларында да ұйымдастыру ұйғарылып отыр.
ДСҰ үздік студенттермен қатар, жоғары білікті және тәжірибелі нұсқаушыларды тартады. Олар Қазақстанға келіп жаһандық сауда ұйымына бірігу туралы өздерінің мол тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, ДСҰ-ға әрбір қатысушы ел үшін үрдістердің әсері жөнінде түсіндірме және мәлімет береді.
Халықаралық бизнес университеті бәсекелесуші елдер мен олардың таңдаулы университеттерінің үлкен тобы арасынан таңдалды. Бұл әлбетте Қазақстанның қарқынды дамуын халықаралық деңгейде бағаланғандығын растайды. Бұған қоса UIB-дің бизнесте және жоғары білімнің экономикалық саласындағы көшбасшылығын көрсетеді. Әрбір семинар кезінде шақырылған ДСҰ лекторлары UIB білімі кеңістігін кеңейте отырып, университеттің қызметкерлерімен және студенттерімен тәжірибе бөліседі. Осы арада университеттің Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты арнайы пән жүргізу бойынша алғашқы болғанын да атап өту керек. Енді UIB студенттерге Қазақстан Республикасының алдағы кезде дамуына халықаралық экономикалық бірігудің әсері туралы озық білімді беруге ұмтылуда.
Келіссөздер барысында ДСҰ тиімді байланыстың қалыптасуына мүдделі болды. Ал өз кезегінде UIB экономикалық бірігу мәселесіне зор көңіл бөлетін ғылыми-зерттеу орталығын жетілдіре бермек. Барлық дәрежелер спектрі (бакалавриаттың 17 мамандығы, олардың 4-еуі эксперименттік және ультра қазіргі бағдарлама болып табылады; 11 магистратура; МВА және 3 PhD) бойынша арнайы пәндерді дамыту және ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша семинарлар өтеді. Ынтымақтастық негізінде UIB оқытушылары ауқымды трансұлттық зерттеу жобаларына қосылуы мүмкін. Осылайша әлемдік маңызға ие экономикалық зерттеулердің жаһандық желісіне жете алады. UIB студенттері аудиториялар мен дәліздерді 30 ел үкіметінің жоғары қызметтегі өкілдерімен бөлісіп, ДСҰ жетекші мамандарының семинарларына қатысу мүмкіндігі ашылады. Нәтижесінде UIB профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық экономика, экономикалық дипломатия, саудалық бірігу туралы білімдерін кеңейтіп, ғылыми зерттеудің үлкен мүмкіндіктерін қолдана алады.
Халықаралық бизнес университеті үшін бұл лайықты құрмет. Және де оның құзыретін халықаралық мойындау болып табылады. Оқу орны бірнеше халықаралық академиялық аккредиттеуді сәтті еңсермек. 6 бакалавриат, 5 магистратура деңгейінде (AQ Austria) және рейтингтерде алдыңғы орыннан көріну міндеті тұр. UIB әлеуетті студенттерге, олардың ата-аналарына, демеушілерге, сондай-ақ реттеуші институттар мен жекелеген тұлғаларға, бизнес-қауымдастықтарға белсенділік танытады деп сенеді. Бәсекеге қабілеттіліктің және халықаралық деңгейдің Қазақстандағы жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторында өскендігін байқатады. Халықаралық бизнес университеті өршіл, жоғары білікті мамандар даярлауда барлық мүмкіндікті пайдалана бермек.
UIB ДСҰ семинарларының беделді сериясындағы жеңісіне Қазақстан Республикасының Швейцариядағы елшісі Ж.Айтжанованың, сондай-ақ сауда саясатын дамыту орталығындағы қазақстандық білікті мамандардың қолдауы арқасында қол жеткізді. Халықаралық бизнес университеті оларға атқарған еңбектері үшін алғыс білдіреді.
Біз ДСҰ-ның бірінші командасы болып табылатын 30 елдің жоғары деңгейлі студенттерін қабылдауға және ДСҰ-UIB беделді серіктестігінің алдағы 4 жылы ішінде әлемге Қазақстанды лайықты танытуға дайынбыз.
Марцин ДУШИНСКИ,
UIB университетінің
вице-президенті