Әлемдегі аса ірі полигонды жабу туралы Елбасының тарихи шешімі – адамзат үшін бейбітшілікті қамтамасыз ету осындай нақты істер арқылы ғана мүмкін екендігінің дәлелі болды.
Семей полигонын жапқаннан кейінгі 25 жылда Қазақстан тарапынан жаһандық қауіпсіздік мәселесі бойынша жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Біріншіден, Қазақстан өзінің гуманистік бастамалары арқылы халықаралық саясаттағы жаңа моральдық стандарттарды енгізді.
Екіншіден, Қазақстанның ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде белгіленді.
Үшіншіден, Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ ресми құжаты болып танылды.
Төртіншіден, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланды.
Мұның бәрі еліміздің жер-жаһанның қауіпсіз һәм тұрақты даму болашағына деген көзқарас пен жауапкершілікті арттыру жолындағы ізгі істерінің жарқын үлгісі болып табылады.
Нұрбек ШАЯХМЕТОВ,
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ