• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Меже үдесінен шығамыз

404 рет
көрсетілді

Биылғы жылғы Жолдауында Елбасы: «Өз тәуелсіз­дік­тері­нің алғашқы 20 жылында ешбір ел Қазақстандағыдай нәтижеге қол жеткізген емес», деп атап өткен болатын. Осы уақыт аралығында индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асырылған еліміздегі өткен ке­зең­дегі жетістіктеріміздің дәлелі – ел экономикасына 120 мил­­лиард доллардан астам шетелдік инвестицияның тар­ты­­луы, ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайызға, өнер­кә­­сіп өндірісі 10 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 19 пайызға көтерілгені. Сондай-ақ, былтырғы жел­­тоқсанда Астанада 56 елдің басшыларының басын қосқан ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі елі­міздің халықаралық саладағы зор табысы болды. 800 мың­нан астам оралман елге ора­лып, халық саны тағы да бір жарым миллионға артты. Со­нымен қатар, Қазақстан әлем­нің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін экспортқа шығаратыны, ор­таша айлық жалақы 2007 жыл­ғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін өскені атап өтілді. Стратегиялық жоспар шеңбе­рінде таяу онжылдықта, яғни 2020 жылға дейін бұдан да жо­ғары көрсеткіштерге қол жеткізу қажет. Бұл мерзімде ішкі жалпы өнім кемінде 30 пайызға өсуі, Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызына жетуі тиіс. Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отан­дық және шетелдік инвестиция көлемін кемінде 30 пайызға арт­тыру, білікті мамандардың үле­сін 40 пайызға жеткізу жұмыс­сыздар санын 5 пайызға төмен­дету белгіленді. Ауыл шаруашы­лығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есеге өсетін бо­лады. Сонымен қатар, Елбасы ши­кізаттық емес секторларды да­мыту мақсатында Үкіметке қуат тиімділігінің кешенді жоспарын жасап бекітуді тапсырды. Ол үшін Үкімет әуелі әкімдермен бір­лесе отырып, өңірлерді дамы­ту бағдарламасын жасауы керек. Елбасы Жолдауында, ең ал­дымен бизнеске әкімшілік қы­сым­ды азайту үшін алғаш рет «Мемлекеттік бақылау және қа­да­ғалау туралы» Заң қабылдан­ғанын, бұл заңда бақылау жүр­гізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленгенін айтты. Со­нымен қатар, еліміздің антикор­руп­циялық рейтингтегі көрсет­кіші 45-ке көтерілгені, ал ТМД елдері бойынша біздің елде сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес өрістей түскені атап көр­сетілді. Елімізде әлеуметтік жағдай­ды жақсарту үшін ең маңызды болып саналатын білім берудің, денсаулық сақтау мен тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдар­ламалары бекітілген болатын. Білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында Қазақстан көш бастаушылар қатарында келеді, өткен онжылдықта білімге бө­лі­нетін қаражат 10 есеге көбейді, 750 жаңа мектеп салынып, іске қо­сыл­ға­ны халықты қуанышқа бө­леді. Сонымен қатар, 5 302 мек­тепке дейінгі мекемелер, 1 117 ба­ла­бақша мен 4 185 орталық ашылып, Астанада ғылым мен білім индус­трия­сы­ның жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет студенттерді білім нәрімен сусындата бастады. 2020 жылға қарай оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшіп, ол үшін 2015 жылға қа­рай республикалық бюджет қар­жысы есебінен кемінде 200 мектеп салынады, осынша мектеп жергілікті бюджет есебінен қар­жыландырылатын болады. 2015 жылға қарай білім беру ұйым­дарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жыл­ға қарай оның саны 90 пайызға дейін артатын болады. Осы жылдар бойы қазақ­стан­дықтардың денсаулығын жақ­сарту үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2010 жылы ІЖӨ-нің 3,2 пайызына дейін ұлғайып, жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды. Жүргізілген жұмыстардың нәти­жесі бойынша бала туу көрсет­кіші 25 пайызға көтерілді. Ха­лық денсаулығын жақсарту үшін алғаш болып жәрдем беретін медициналық көмек көрсету ор­талықтары дами бастады, елі­міз­дің ең шалғай түкпірлерінде адамдардың денсаулығын тексеріп, ем жасау үшін арнаулы емдік-диогностикалық «Денсау­лық» 2 пойызы жолға шықты. Одан басқа да көптеген жұмыс­тар жүзеге асты. Үкіметке 2015 жылға дейін санитарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қамта­масыз ету тапсырылды. Дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде халық жұ­мыспен қаматамасыз етіліп, бүгінгі күні жұмыссыздық проб­лемасы азайып келеді және қа­зақстандықтар жұмыс істейтін жаңа кәсіпорындар салынып жа­тыр. Елбасы, сонымен қатар, бизнес-қауымдастығымен бірлесіп, Үкіметке индустриялық ны­сандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу орындарын ашуды тапсырды. Сонымен қатар, Үкімет об­лыстардың, Астана және Алма­ты қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы­рына дейін халықты еңбекпен қамту бағдарламасын жасауы тиіс. Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайып, қазіргі уақытта бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады. «Жол карта­сы» аясында 2009 және 2010 жылдары ТКШ нысандарында жөндеу бойынша көптеген жұ­мыстар жүргізілді және бұл жұмыстар бүгінгі күні де жал­ғасып отыр. ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жыл сайын 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызатын болады. Жолдауда қазақстандықтар үшін бүгінгі күні ең өзекті мә­селеге айналған ауыз су проб­лемасы көтерілді. Қазақстан­дық­тарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету халықтың ден­саулығын жақсартудың аса ма­ңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Сапалы ауыз сумен қам­тамасыз ету бойынша жұмыс 8 жыл бұрын басталған болатын және бүгінде сол жұмыстардың оң нәтижелері бар. Орталық­тандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылдық елді мекендерде 41 пайызға дейін, қалаларда 72 пайызға дейін өсті, орташа есеппен алғанда, республика бойынша ауыз сумен қам­тамасыз ету деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға сай болуы керек. Елбасы биылғы Жолдауында халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі көтеру жолындағы бар­лық жұмыстардың сапалы түрде жүргізіліп жатқанын атап көр­сетті. Сондай-ақ, таяу онжыл­дықта атқарылатын басқа да жұмыстар нақтыланып, олардың орындалу мерзімдері белгіленді. Мұның өзі барша қазақстан­дық­тарды ілгерілеу жолында тізе қосып, алға ұмтылуға міндеттейді. Біз Елбасы айқындаған міндеттер мен межелер үдесінен шығатын боламыз. Жансейіт СӘРСЕНҚҰЛОВ, Сенат депутаты.