• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

268 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт Жоспарын  дәйектеген «100 нақты қадамның» 79-қадамында «Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» деп атап көрсеткен еді. Осы өзекті мақсатқа жету жолында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында да атқарылған іс аз емес. Мына зымыран уақыт керуеніндегі өркениет көшінің алдыңғы шоғырына кіру жолында Мемлекет басшысы  алға қойған міндет жүгі одан да зор. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде елімізде 450 мемлекеттік балабақша салынды. Сонымен бірге, жекеменшік балабақша саны 10 есе өсіп, 2200-ге жетті. Бүгінде елімізде жұмыс істейтін 9297 мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде 817,8 мың бала тәрбиеленеді. Биыл балабақшаларда 400 мың орын ашу үшін алғаш рет мемлекеттік тапсырысқа қаржы бөлінді. Биыл жаңадан 538 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі ашылды. Оның ішінде 12 мың орындық 49 балабақша бүлдіршіндерді қабылдай бастады. Жыл аяғына дейін 82 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі, оның ішінде 11 балабақша Ұлттық қор есебінен ашылады деп күтілуде. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда біліктілікті арттыру курстарынан 1 миллионнан астам педагог өтті. Еліміздің әрбір төртінші оқушысы қосымша біліммен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы жаңадан салынған 92 мектеп ғимараты пайдалануға берілмек. Оның ішінде жаңа оқу жылына дейін 60 мектеп, жыл аяғына дейін 32 мектеп есігін айқара ашады. • «Мектепке жоқ» акциясы биылғы жылы 9-шы рет  өткізілуде. Қамқорлыққа зәру 280 мың балаға көмек көрсетілді