• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №325

250 рет
көрсетілді

2015 жылғы 26 наурыз,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов): 1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ.Н.Қасымов 2015 жылғы 28 қыркүйек Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №325 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының әуе­жай­ларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағи­далары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Респуб­ликасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасының әуежай­ларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 1) авариялық-құтқару жұмыстары – апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені; 2) әуежай аумағы – әуежай күштерімен және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылатын жер немесе су учаскелері. 4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған. 5. Авариялық-құтқару жұмыстары авиациялық оқиға әуежай аумағында болған және апатқа ұшыраған адамдар мен әуе кемесін іздестіруге қажеттілік болмаған жағдайда жүргізіледі, оған мыналар кіреді: 1) әуежай аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушыларын және экипажын құтқару; 2) зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялау; 3) әуе кемесіндегі өртті сөндіру. 6. Авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуді әуежайдың іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі ұйымдастырады. 7. Әуежайдың авариялық-құтқару күштері мен құралдарын күшейту мақсатында авариялық-құтқару командалары (бұдан әрі - АҚК) жасақталады. 8. Әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыс­та­рын ұйымдастыру үшін әуежайда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөнін­дегі нұсқаулық әзірленеді, ол әуежай ауданында орна­лас­қан өзара іс-қимылдағы азаматтық авиация ұйым­дарымен келісіледі және оны әуежай басшысы бекітеді. 2. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау тәртібі 9. Әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыс­тарын әуежай басшысы ұйымдастырады. Авиациялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тікелей басшылық жасау әуежай басшысының орынбасарына немесе әуежай басшысының бұйрығымен тағайындалатын басқа тұлғаға жүктеледі. 10. Авариялық-құтқару жұмыстары: 1) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің алдағы қонуы туралы хабар алған кезде; 2) авиациялық оқиға кезінде; 3) өзара іс-қимылдар жоспарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың талаптары бойынша; 4) әуежай басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі. 11. АҚК штаттық және штаттан тыс құрамалардан (жасақтардан) тұрады. Азаматтық авиация ұйымының өртке қарсы қызметінің және ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) құралдары мен күштерінің құрамынан штаттық өрттен құтқару жасағы құрылады. Әуежайдың әрбір ауысымында медициналық, әуеайлақтық, инженерлік-авиациялық қызметтердің (бұдан әрі - ИАҚ), тасымалдарды ұйымдастыру, арнайы көлік қызметтерінің, полицияның желілік бөлімі қызметкерлерінен штаттан тыс авариялық-құтқару бөлімшесі құрылады. 12. Өрттен құтқару жасағына өртке қарсы қызметтің құрамынан өрт құтқарушылар кіреді және мыналармен: 1) өрт автомобильдерімен; 2) фюзеляжды ашуға арналған аспаппен; 3) жылу шағылыстырғыш костюмдермен; 4) газдан, түтіннен қорғайтын құралдармен; 5) жолаушы креслоларының байлайтын бауларын кесуге арналған пышақтармен; 6) өрт автомобильдерін жинақтау ведомосіне сәйкес шанцтік аспаппен жарақтандырылады. Өрттен құтқару жасақтарын жарақтандыру жергі­лікті жағдайға және жаңа авариялық-құтқару құрал­дарының келіп түсуіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады. Жасақтың жеке құрамының саны әуежай сыныбын негізге ала отырып, әуежайдың АҚК саны нормативімен анықталады, өрт автомобильдерінің саны әуеайлақты қажетті өрттен қорғау деңгейі санатымен анықталады. 13. ИАҚ жасағы мыналарға арналған: 1) апатқа ұшыраған әуе кемесінің негізгі және авариялық шығу жолдарын ашуды қамтамасыз ету және қажеттілігіне қарай өрттен құтқару жасағымен бірлесіп қосымша шығу жолдарын жасау; 2) әуе кемесі салонын желдету; 3) әуе кемесінен және авиациялық оқиға орнынан зар­дап шеккендерді эвакуациялау кезінде көмек көрсету; 4) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесін эвакуациялау. ИАҚ жасағы авариялық-техникалық жабдықпен жарақтандырылады. 14. Тасымалдауларды ұйымдастыру қызметінің жасағы авиациялық оқиға орнынан жолаушыларды қабылдауға, есепке алуға және тасымалдауға, сондай-ақ әуе кемесінен жүктермен багажды түсіруге арналған және осы міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жарақтандырылады. 15. Әуеайлақ қызметінің жасағы әуе кемесінің экипажына авиациялық оқиға орнынан зардап шегушілерді эвакуациялауға, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өртті сөндіру мен жоюда көмек көрсетуге, сондай-ақ авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің ИАҚ жасағымен бірлесіп эвакуациялауға және әуеайлақтың ұшу алаңын жұмыс жағдайындағы қалпына қайтадан келтіруге арналған. Жасақ жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылады. 16. Мамандандырылған көлік қызметінің жасағы жасақтарды авиациялық оқиға орнына немесе жиналу пунктіне уақтылы жеткізу мақсатында табельге сәйкес АҚК жасағын автокөлік құралдарымен қамтамасыз етуге арналған. 17. АҚК жасағының аға жетекшісі, болып әуежайдың ҰІАҚҚҚ бастығына бағынысты, ал авариялық-құтқару жұмыстары кезінде жұмыстардың тікелей басшысына бағынысты болатын тиісті ауысым бастықтары тағайындалады. 18. АҚК аға жетекшісі: 1) әуе айлақтың ауданын және ауданның жұмыс схемасын білуі; 2) өз жасағының жеке құрамын білуі және олармен іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу бойынша сабақтар мен жаттығулар өткізу; 3) жасақтардың қызметкерлерімен әуе кемелерінің құрастыру схемаларын (схемалар мен плакаттар болуы), авариялық-құтқару жабдықтарының орналас­қан жерін және оларды жұмыс жағдайына келтіру тә­сіл­дерін, негізгі және авариялық шығу жолдарын, фюзе­ляждың сыртқы қаптамасын ашу орындарын зерделеуі; 4) жасақты авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін қажетті құралдармен және жарақтармен жабдықтау үшін шаралар қабылдауы; 5) кезекшілікке тұрар кезде жасақ қызметкерлерінің болуын, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдықтар мен жарақтарының жарамдылығын және болуын тексеруі. Жасақтың дайындығы туралы азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметіне (бұдан әрі - ӨДҚ) және авариялық-құтқару жұмыстарының басшысына хабарлауы; 6) жасақтың авиациялық оқиға орнына немесе жиналу орнына авариялық-құтқару жарағы және техникасымен уақтылы келуін қамтамасыз етуі; 7) авиациялық оқиға орнында өз жасағының іс-қимылдарына жеке басшылықты жүзеге асыруы қажет. 19. Жасақтарды жинау үшін «Дабыл» және «Дайындық» хабардар ету сигналдары қолданылады. Авиациялық оқиға кенеттен болған жағдайда немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минуттан аз уақыт қалғанда «Дабыл» сигналы беріледі. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минут және одан көп уақыт қалғанда «Дайындық» сигналы беріледі. 20. «Дабыл» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен авиациялық оқиға орнына немесе хабарлаған кезде көрсетілген шаршыға нормативтік уақытта келеді және авариялық-құтқару жұмыстарына кіріседі. 21. «Дайындық» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен жиналу орнына келеді және одан әрі авариялық-құтқару жұмыстары басшысының бұйрығын күтеді. 22. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын беру туралы шешім қабылдауды: 1) әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалысына тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер; 2) ұшу басшысы; 3) әуежайдың басшысы; 4) әуежайдың ҰІАҚҚҚ басшысы жүзеге асырады. 23. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын хабарлау қозғалыс қызметі «Керней» типті арнайы хабарлау аппаратурасын немесе белгіленген хабарлау схемасына сәйкес АҚК барлық жасақтарына бір уақытта хабарлаудың басқа да типті хабарлау жүйесін қолданумен немесе айналымдық байланыс бойынша жүзеге асырады. Жасақтарды хабардар ету уақыты 25 секундтан аспауы тиіс. Әрбір әуежайда қайталанатын хабарлау жүйесі көзделеді. Хабарлау кезінде: 1) апатқа ұшыраған әуе кемесінің нөмірі және типі; 2) оқиға сипаттамасы; 3) авиациялық оқиға болған шаршы нөмірі (координаталық кесте бойынша әуеайлақ және оның маңы аумағының схемасына); 4) әуе кемесінің бортындағы жолаушылар саны; 5) әуе кемесінің бортындағы жүктің болуы, сипаттамасы және қауіптілік дәрежесі көрсетіледі. Қосымша деректер мен ақпараттың алынуына қарай, жиналу орнына қозғалған кезде АҚК жасақтарына олар радио арқылы хабарланады. 24. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын қабыл­дағандығы туралы растауды АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының басшылары ӨДҚ арқылы ава­риялық-құтқару жұмыстарының басшысына баяндайды. Авариялық-құтқару күштері мен құралдарының дайындығы туралы растаудың түсуіне қарай, авария­лық-құтқару жұмыстарының басшысы әуежай басшысына авариялық-құтқару күштері мен құралдарының жұмысқа дайындығы туралы баяндайды. 25. Өзара іс-қимылдағы күштер мен құралдарды шақыру авариялық-құтқару жұмыстары басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. 26. Авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін: 1) әуе қозғалысын басқарушы диспетчермен (ұшулардың басшысымен) байланыс орнату және жағдайды нақтылауы; 2) авиациялық оқиға орнына 5 минуттан аспайтын уақытта келуі (ұшу және қону курсы бойынша ұшу-қону жолағының шет жағынан оның 1000 м шамасында қашықтықта болуы); 3) жағдайды бағалау, авариялық-құтқару күштері мен құралдарының жеткіліктілігін талдау. Қажеттілігіне қарай өзара іс-қимылдағы күштер мен құралдарды шақыру туралы нұсқау беруі; 4) АҚК жасақтарының және тартылған қосымша күштер мен құралдардың іс-қимылдарын тікелей басқару және олардың іс-қимылдарын реттеуді жүзеге асыра отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуде тиімділік пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуі; 5) оқиға орнына қоршау және жүргізіліп жатқан жұмыстардың хронометражын ұйымдастыруы; 6) әуежай басшысына авариялық-құтқару жұмыс­тарының барысы және қажетті көмек туралы баяндауы қажет. 27. Авиациялық оқиға орнында АҚК, егер жағдай мүмкіндік берсе, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы құтқарушылар мен экипаждың іс-үйлестіру мақсатында, апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажымен радио немесе желі байланысын (ұшақтық-сөйлесу қондырғысы бойынша) орнатады. Жолаушылар мен экипажды құтқару үшін барлық жағдайда ең алдымен борттық авариялық-құтқару жабдығының барлық қешені: басқыштар, арқандар, науалар және басқа да авариялық-құтқару жабдықтары пайдаланылады. 28. Авиациялық оқиға орнында өрттен құтқару жасағы мен құтқарушылардың іс-қимылдарына: 1) егер алынып тасталған немесе ақауы бар шас­силі әуе кемесінің қонуы күтілген болса, ұшу-қону алаңын көбік қабатымен жабу арқылы дайындау. Ұшу-қону алаңын көбікпен жабу туралы шешімді, қажетті уақыт пен жабдықтың жеткіліктілігін негізге ала отырып, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы қабылдайды; 2) салондағы температураны төмендету мақсатын­да бір уақытта фюзеляжды салқындатумен әуе кемесіндегі өртті сөндіру; 3) авариялық шығу жолдарын ашу және қажет бол­ған жағдайда фюзеляждың сыртқы қаптамасын ашу; 4) фюзеляждың ішіне кіру, шығу жолдары, ойылған орындар, ойықтар арқылы адамдарды босату және оларды әуе кемесінен эвакуациялау кіреді. 29. Авариялық әуе кемесінен жолаушыларды эвакуациялау бойынша ИАҚ жасағының іс-қимылына мыналар кіреді: 1) негізгі және авариялық шығу жолдарын, ал олар қарысып қалған жағдайда тиісті техникалық құралдар (дискілі ара, балталар және басқа да жарақтар) көмегімен белгілеген орындарда фюзеляжды ашу; 2) әуе кемесінің бортына өту және жердегі немесе борттық авариялық басқыштарды және басқа да эвакуациялау құралдарын орнату; 3) әуе кемесін тастап шығуда экипаж мүшелері мен жолаушыларға көмек көрсету және өз бетімен қозғалуға қабілетсіз адамдарды эвакуациялау. 30. Авариялық әуе кемесінде өртті сөндіру мен одан адамдарды эвакуациялау кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс: 1) фюзеляжды ашу және әуе кемесінен зардап шеккендерді шығару кезінде АҚК жеке құрамын зақымдамау және зардап шеккендерге қосымша жарақат түсірмеу үшін сақтық шаралары сақталуы тиіс; 2) өртті сөндіру және эвакуациялау кезінде АҚК жасағының жеке құрамы қорғану жарағын қолдануы тиіс (жылу қорғағыш костюмдер, тыныс алу аппараттары); 3) әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау процесінде өрттен құтқару жасағының жеке құрамы өрттің қалған ошақтарының таралып кетуінің алдын алып, оған бақылау жасауды қамтамасыз етеді; 4) жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялағаннан кейін өрттен құтқару жасағы өрттің қалған ошақтарын өшіріп, әуе кемесінің бортында ешкімнің қалмағанына көз жеткізу үшін жолаушы салондарының және экипаж кабинасының, ас бөлмесінің, дәретхананың, багаж үй-жайының және гардеробтың көрінбейтін орындарын тексеруі тиіс; 5) жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз орынға (жанып жатқан әуе кемесінен 100 м жақын емес жел жағына) эвакуациялануы тиіс. Эвакуациялаудың қауіпсіз орнын медициналық жасақтың аға жетекшісімен бірге авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы анықтайды; 6) егер жолаушылар саны және экипаж құрамы туралы мәліметтер болса, оларды әуе кемесінен эвакуацияланғандар санымен салыстыру қажет. Айырмашылықтар болған жағдайда, барлық зардап шеккендерді тапқанша іздестіруді жалғастыру қажет; 7) өрттен құтқару және медициналық жасақтар оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін болуы тиіс. 31. Медициналық жасақтың аға жетекшісі «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін: 1) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы жағдайды нақтылағаннан кейін денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимыл жасайтын күштері мен құралдарын шақырады; 2) құралдарымен шабаданды тиеуді ұйымдастырады; 3) есірткі препараттары салынған буманы (егер ол бөлек сақталса), фургон кілті мен эвакуациялау жоспарын алып қояды; 4) оқиға орнына келеді; 5) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысымен бірге зардап шеккендерді жинау пункті үшін орын (әуе кемесінен 100 м жақын емес) таңдайды және танымдық белгілерді қояды; 6) қажеттілігіне қарай, авариялық-құтқару жұмыс­тарының басшысы арқылы әуежай үй-жайларында зардап шеккендерді уақытша жинақтау пункттерін ұйымдастырады; 7) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастырады, осы жұмысқа тікелей қатысады; 8) зардап шеккендерді көлікпен эвакуациялаудағы сұрыптауды басқарады; 9) сыртқы жағдайлардың жағымсыз әрекетінен зардап шеккендерді қорғау жөнінде шаралар қабылдайды; 10) қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшеле­рінің мәйіттерін жинау орнын анықтайды; 11) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен тұрақты байланысты орнатады және жұмыс барысы туралы оған ақпарат береді. 32. Суда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы әуежайларда: 1) ұшу және қонуға отыру су үстінде жүргізілетін әуеайлақтарда қажетті катер санымен суда құтқару станциялары; 2) суда құтқару құралдары (салдар, жилеттер, құтқару дөңгелектері, қол прожекторлар және мегафондар) болады. Судан құтқару станцияларының жеке құрамы суда апатқа ұшырағандарды құтқару тәсілдері және оларға алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы оқудан өтеді. 33. Су астында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін сүңгуір құрамалары (шарт бойынша) тартылуы қажет. 34. Суда апатқа ұшырағандарды іздестіру және құтқару кезінде олардың оқиға орнынан ағыспен немесе желмен алып кетуі мүмкін екендігін естен шығармау керек. 35. Әуе кемесінің және оның бөліктерінің батқан орнын анықтау мақсатында буйлармен белгіленуі тиіс. 36. Әуежайларда ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандарды даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. 37. ҰІАҚҚҚ бағдарламаларына сәйкес әуежайлар алдағы оқу жылына тақырыптық жоспарлар әзірлейді, оларда АҚК-нің техникалық жарақталуы ескерілген, АҚК жеке құрамын оқытудың тәртібі және дәйектілігі белгіленеді. 38. Теориялық сабақтар мен практикалық жаттығу­лар өткізу үшін және оның тиімділігін көтеру мен нақты жағдайларға барынша жақындау мақсатында әрбір әуежайда оқу-техникалық база құрылады (жабдықталған сынып, полигон, түтінді камера, есептен шығарылған әуе кемесі және т.б.). 39. Әуежайдың ҰІАҚҚҚ басшысы жаттығулар мен оқулар өткізудің кестесін жасайды, оларды өткізудің жоспарларын әзірлейді оның процесінде жеке құрамның іс-қимылына талдау жасалатын талқылау жүргізеді және оларға баға береді. Оқулар жылына кемінде 1 рет өткізіледі. Жаттығулар: 1) өрттен құтқару және медициналық жасақтарымен айына 1 рет; 2) АҚК қалған (штаттан тыс) жасақтарымен - тоқсан сайын; 3) АҚК-мен (әр ауысымда) - жылына 2 рет өткізіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 қазанда Норма­тивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12216 болып енгізілді.