• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2011

Ақсақал бастамасы баянды болды

453 рет
көрсетілді

Ізденген жетер мұратқа дейді халқымыз. Шынды­ғын­да істің ыңғайын тапқан адамға алынбайтын қамал жоқ. Айталық, Абыралы өңі­рін­дегі Таңат ауылының тұр­ғыны Өміржан Жақыпов деген жасы жетпістен асып бара жатқан ақсақалдың осы жа­сында туған жеріне жасап отырған жақсылығы туралы жазған болатынбыз. Соны қысқаша ғана қайталап ай­та­тын болсақ, осы кісінің бас­тамасымен Таңат ауылында халқымыздың айтулы ақыны Төлеужан Ысмайыловтың мұ­ра­жайы ашылды. Ауыл мектебіне қамқорлық танытып келе жатқан да Өмекең. Ауыл ақ­са­қалы ауыл шаруашылығын көте­ру мәселелерінен де сырт қалып отырған жоқ. Ол соның бәріне түрлі мазмұндағы халық­аралық гранттарды жеңіп алып келе жатқан алғырлығы арқа­сында қол жеткізуде. Енді, міне, осы өңірден Өме­кеңнің жолын қуған және бір азаматтың шыққандығын естіп, біліп отырмыз. Яғни, осындағы Ақбұлақ ауылының тұрғыны Әділет Төкенов те БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша бір грантты ұтып алған екен. Халықтың қамын жеген әлгі азамат осы бағдарламасы ая­сын­да жарияланған құны 3 мың долларлық жобаны әкімдік ғимаратындағы бос тұрған төрт бөлмені ауыл клубы ретінде пайдалану мақсатымен іске кірісіп кетеді. Және оны жөндеп, қатарға қосуға жергілікті тұрғындар тартылады. Ал ауыл клубын жабдық­тап, штатпен қамтамасыз етуге қалалық мәдениет бөлімі көмекке келді. Оның себебі сол, Абыралы өңірі қалаға қа­райды. Сонымен, салтанатты жағдайда ашылған ауылдағы өнер ордасы іске қосылды. Қазір мұнда домбыра үйір­месі, бокс секциясы тездетіп ашы­лып үлгерілді. Алда басқадай үйірме, секциялар ашылмақ. – Ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай түрлі мәдени ша­раларды қолға алып жатыр­мыз, – дейді клуб басшысы Ж.Сәдуа­қасов. Іске сәт дейміз біз де! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы.