• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2011

Ақиқаты айтылды

373 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комис­сия­сының отырысы өтіп, онда президенттікке кандидаттар – Парламент Сенатының депутаты, Қазақ­стан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың, өзін-өзі ұсынған кандидат Адалбек Құ­нанбаевтың мемлекеттік тілді мең­гергендігін анықтау туралы және өзін-өзі ұсынған Амантай Асыл­бекті үміткерлер тізіміне қоспау жөнінде мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссиясы­ның хатшысы Бақыт Мелдешовтің хабардар етуінше, Ғани Қасы­мов­тың Конституцияда және «Сайлау туралы»  Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі анықталған. Енді оған қол жинау үшін қол қою парақтары беріледі.  Егер кандидат кем дегенде 91010 сайлаушының қолын жинап, ол расталса,  Ғани Қасымовты Ор­та­лық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде тіркейтін болады. Орталық сайлау комиссиясы Адалбек Құнанбаевты кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады. ОСК хатшысы  Бақыт Мелдешовтің отырыста ха­бар­лағанындай,  кандидаттың Лин­гвис­тикалық комиссияның отыры­сында оның мемлекеттік тіл – қа­зақ тілін еркін меңгермегендігі ту­ралы қабылдаған шешімі басшы­лық­қа алынған. Өйткені, ол Лин­гвисти­калық комиссияның отыры­сын­да берілген тапсырмаларды талап дең­гейінде орындай алмаған. Мұны кандидаттың өзі де мойындаған. Орталық сайлау комиссиясы Лин­гвистикалық комиссияның оты­ры­сына үш рет келмеген Амантай Асылбекті  президенттікке кандидаттар тізіміне қосудан бас тарту ту­ра­лы қаулы қабылдады. Қаулыда бы­лай делінген: «...ҚР президенттігіне кандидат А.Х.Асылбектің Лин­гвис­тикалық комиссияның отырысына келмеуіне байланысты оның ҚР Конституциясының және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның мем­лекеттік тілді еркін меңгеру бөлігіндегі  талаптарына сәйкестігі анықталмады деп көрсетілсін». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.