• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2011

Алаяқтар айласын асыра алмады

449 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде алаяқ­тық оқиғалар көбейіп барады. Өзгенің дүние-мүлкін, қара­жа­тын түрлі алдау-арбау жол­дарымен қымқырып кететіндерге лайықты жаза қол­да­ны­латынына қарамастан, мұндай әрекеттердің жұртшылықты алаңдатып отырған жайы бар. Соңғы жылдары қармаққа тұл­ғалы лауазым иелерінің іліне бастағаны байқалады. Осы және басқа мәселелер жө­нінде республикалық, жергілікті жур­налистермен өт­кізген бас­пасөз мәслихатында облыстық эко­но­­микалық қыл­мыс­қа және сы­байлас жем­қор­лыққа қарсы күрес департаменті қызмет­кер­лері мәлім­деді. Департамент бастығының орынбасары Рақымжан Ере­сов­­тің айтуынша, былтыр алаяқ­тыққа байланысты 84 қылмыс­тық іс қозғалып, 72-сі сот қа­рауына жіберілген. Келтірілген шығын 600 миллион теңгеден асып түскен. 80 мил­лион тең­ге­нің мүлкіне пайдалану құқығы шектелген. Несиеге байланысты алаяқтық­тың жиілеп кеткені, оған банк қызметкерлерінің қа­тыстылығы алаңдатады. Мы­са­лы, екінші дең­гейлі банктердің бірінде несиелеу бөлімінің бас­тығы қыз­метін атқарған Ходеев жалған құжаттар әзірлеп, 14,8 миллион тең­генің несиесін қал­таға бас­қан. Ол үшін жеке кәсіп­кердің көңіл көтеру-сауықтыру кешенін кепілге қойған. Бұл нысан басқа банктің кепілдігінде тұрғанын біле тұра жасырған. Ғ.Мүсі­репов ауданының соты Сегіз­баеваға қатысты қылмыс­тық іс қарап, бес жылға бас бостан­ды­ғынан айыруға үкім шығарды. Жеке кәсіпкер банктердегі не­сие­леріңді өтеймін деген желеумен адамдардың сеніміне кіріп, 2 миллион теңге қаржыларын қақшып кеткен. Брифингте департамент өкіл­дері құрылтайшылық, банктік, басқа да жалған құжаттар жасау арқылы өзгелердің ірі мүлкін иелену оқиғаларының да толастамай отырғанын жеткізді. «Алиакт» ӨК және «Импек Трейд Маркет» ЖШС жетекшісі В. Ми­хеенко мен коммерциялық банк филиалдарының бірінде қауіп­сіздік қызметінің бастығы бол­ған В.Бондаренконың 645 миллион теңгені қолды етуі қыл­мыс­тық топтың әбден есіріп кет­кенін аңдатса керек. Олар­дың еркін көсілуіне банк бас­шы­­лары мен қызметкерлері де мүд­делі болған сыңайлы. Әйт­песе, есепте жоқ дүние-мүліктер мен жеңіл көліктерді кепілге қойып, басқалардың атына несие ресімдеу ісінің қараусыз жіберілгенін немен түсіндіруге бо­лады? Қыл­мыс­тық әрекеттерге жолдас-жа­рандарын, туған-туыс­тарын да тартып отырған. Бүгінде Михеенко мен Бондаренко қамауда отыр. Соттың қарауына Қазақстан-Ресей университетінің ректоры Аманжол Молдабаевқа қатысты қылмыстық іс жіберілген екен. Оның қызмет бабын асыра пай­даланғаны, ақылы қызмет көр­се­туде заңсыз кәсіпкерлікпен ай­налысқаны анықталған. Сөйтіп, 90 миллион теңгені иемденіп кеткен. Жуырда оған қатысты тағы бір сорақы жәйт әшкере­леніп, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті серіктестік директоры­ның сеніміне кіру және алдау-арбау жолымен келісім-шарт жасасып, 46 миллион теңге мен мазут алған. Ол үшін универ­ситеттің 4 ғимаратын кепілге салған. Шын мәнінде бір ғи­марат қана А.Молдабаевтың аты­на ресімделген. Облыстық кә­сіпкерлік және өнеркәсіп бас­қармасының бастығы В.Пыс­то­гов­тың да алаяқтық айласы аспаннан келген. Ол жеке кә­сіпкерді бопсалау мақсатымен 4 миллион теңгені әлдебір лауазым иесі сұратып жатыр деп өз торына түсірген. Зуева деген азаматша 12 адамның 11 миллион теңгесін бөктеріп кеткен. Бұл қылмыстық істер сот қарауына жіберілді. Жеке адам­дарды алдау-арбау арқы­лы дү­ние-мүліктері мен қара­жаттарын сіңіріп кетуді ой­лаған Сартаев, А.Оленчук, В.Оленчук, Б.Нұр­ғалиев, Омаров түрлі мерзімдерге сот­талған. Жыл басынан бері алаяқ­тыққа қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды дейді департамент бас­тығының орынбасары Р. Ересов. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.