• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Ұлттық өнер ұлағаты

454 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Пр­е­зи­денті Н.Назарбаев атын­дағы Орта­лық саябақта облыстық мә­дениет, мұрағаттар және қ­ұ­жат­тама басқармасының қол­­­дауымен облыстық тари­хи-өл­кетану музейі «Дәс­түр­лі мұра жаңғырығы» ат­ты та­­ри­хи-таным­дық этно­гра­фия­­лық облыстық фести­валь ұйым­­дастырды. Этно­гра­фия­­лық фес­тивальды өт­кізу­ге Ғ.Жұбанова атын­да­ғы об­лыс­тық фи­лар­мония мен об­лыс­тық ха­лық шыға­р­ма­шы­лығы үйі де атсалысты. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Алмагүл Сарыбайдың айтуынша, ұлттық этнографиялық фес­­ти­вальға 31 шебер қатыс­қан. Онда қолөнер шеберлері­мен бірге, шиөрмек, кілем то­қу­­дан шеберлік кластары өт­­кізілді. Байғаниндік к­ілем тоқу­шы Тұрсынбике Нұрғалиева өз білгенін жас­тарға үйретуге бейіл екенін айтты. Мұғалжарлық тігінші Гүлжанат Сахиева анасы Сакура Өтенова екеуі кезінде әжесі Райхан тұтынған киіз үйді жасаулап ұстап отыр­ғанын, осы көрмеге арнайы алып келгенін жеткізді. Ал ағаштан түйін түйген мәр­төктік шебер Еділбай Ора­зым­бетов өзі жасаған және аудандық балалар тех­ни­ка­лық шы­ғар­машылығы ор­та­лы­ғы­ның оқушы­лары қолынан шық­қан 50-ге жуық ағаш бұйым­дарын көрмеге қойған. Фестивальға келушілерге қазақтың киіз үйін таныстырған облыстық тарихи-өлке­тану музейінің қызметкері Бекарыс­тан Мыр­забаев кезінде ғұлама ғалым Әлкей Мар­ғ­ұланның қазақтың киіз үйіне қатысты 300-ге жуық атау бар еке­нін айтып кеткенін, соның әзірге 200-ге жуығы ғана бел­гілі екенін әңгіме өзегіне ай­нал­­­дырды. Ол осы атауларды жілік­теп айтып, қа­зақ­тың киіз үйі жайлы мол мағлұмат берді. Киіз үй жанында Әйтеке би ауданынан келген Асылбек Қауданов жиналған жұрт­­шы­­лыққа құмай тазылардың қасиетін айтып, онымен аң аулаудың қыр-сырына қанық­­тырды. Шалқарлық әнші-жырау Әліб­ек Сариннің бағзы замандардың сал-сер­і­­лерін­ше ат үстінде отырып терме айтуы да фес­тивальдың сәні мен салтанатын арттырды. Фестиваль аясында жинал­ғандарға «Ұлы Даланың ән-жыр, күй керуені» атты этно­­фольклорлық концерттік бағ­дар­лама ұсынылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»