Талдықорған қаласында Паралимпиаданың күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаеваға жеңіл автокөлік сыйға берілді.
Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегерін арнайы қабылдаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оған жеңіл автокөлік пен 11,5 млн. теңгенің сертификатын табыс етті. Сөйтіп, облыс орталығындағы «Жастар» саябағында өткізілген салтанатты шара аясында спортшыға құрмет көрсетті.
Күміс жүлделі спортшының рухын көтерген кештің шеңберінде Паралимпия ойындарында 7-орыннан көрінген Гүлбану Әбдіхалықоваға да қошемет көрсетілді. Аймақ басшысы оған 1,5 млн. теңгенің сертификатын тапсырды. Соңында елдің атын жақсы жетістіктерімен шығарған спортшылардың жаттықтырушыларына да сый-сияпат жасалды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы