• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Иісшіл иттердің көмегімен

428 рет
көрсетілді

567 қылмыс ашылып, 170 кило есірткі алынды Қызылжар өңірінде кинологиялық қызмет орталығы 2008 жылы құрылған болатын. Қазір аудандарда да кинологтар жұмыс істейді. Овчарка, лабрадор, спаниель секілді қы­рық­қа жуық иісшіл ит жоғалған адамдарды табуға, жарылғыш және есірткі заттарын анықтауға жәрдемдеседі. Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 567 қылмыс ә­шкереленіп, 170 кило есірткі заттары заңсыз айналым­нан алынды. Тұңғыш рет құқық қорғау органдары арасында өткен республикалық сайысқа 18 команда қатысып, кәсіби шеберліктерін, қызметтік-іздестіру иттердің алымдығы мен шалымдығын көрсетті. Бағдарламада иттерді үй­ре­тудің жалпы курсы, кедергі­лерден өту, автокөліктер мен үй-жайлар­да күдікті заттарды іздеу, қарулы қыл­мыскерді ұстау шаралары қамтылды. – Кинолог – күрделі мамандық. Өйт­­кені, иттерді із кесуге, жасырынған зат­тар­ды табуға баулу оңай емес. Итті үйретуге кемі 1,5-2 жыл керек. Менің иелігімдегі Гера деген шығысеуро­палық овчарка биыл екі қыл­мысты ашуға көмектесті, – дейді Ақ­­қайың ау­дандық ішкі істер бөлімінің инспек­торы Мұсахан Сейітбеков. Жарысқа қатысушылар алдында сөз алған ОІІД-нің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов кинолог мамандардың кәсіби әзірлігіне жоғары баға беріп, жеңім­паздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы