Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Кейкі батырдың бас сүйегін зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Астанадан Алматыға әкетті.
Бұл туралы Қазақпарат қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. «Нұрсан ағамыз Кейкі батырдың бас сүйегін Алматыға алып кетіп барады. Аэропорттың тексеруінен өтті Отбасымызбен Батыр мен ағамызды шығарып салдық. Астанадан (сағат) 22.30-да ұшады. Алматы қарсы ал!», деп жазды саясаттанушы.
Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, антрополог мамандар батырдың бет келбетін жасап болғасын, шамамен 1-2 ай көлемінде бас сүйек Қостанай облысының Амангелді ауданындағы арнайы салынған мазарға жерленеді.
Кейкі батырдың басы қыркүйектің 6-с күні Санкт-Петербургтен Астанаға жеткізілген болатын.