• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Ұлыбританиядағы мазмұнды кездесулер

355 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Лондонға сапары барысында лорд Мұхаммед Шейх басқарған Біріккен Корольдік Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Жалпыпартиялық топ мүшелерімен және Ұлыбритания Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Марк Грантпен кездесулер өткізді. Қазақстан сыртқы саясат ведомс­тво­­сының басшысы, сондай-ақ Еу­ро­одақтың сыртқы істер жөнін­дегі экс-комиссары, Австрия­ның экс-сыртқы істер минис­трі Бенито Ферреро-Вальднер­дің төра­ға­лығымен өткен Еура­зия Кеңесінің халық­аралық қа­ты­настар жөніндегі отырысына қатысты. Парламенттегі кездесуде халықаралық және екіжақты күн тәртібінің өзекті мә­селелері жөнінде сындарлы пікір алмасу болды. Е.Ыдырысов Британия Парла­мен­тінің мүшелерін елде іске асырылып жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Бес институттық реформа, Қазақстан Пре­зидентінің соңғы бітімгерлік баста­малары, оның ішінде «Әлем. ХХI ға­сыр» манифесінің мазмұны, еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезінде атқаратын жұ­мыс­тары жөнінде хабардар етті. Қазақ­станмен ынтымақтастық жөніндегі жалпы­партиялық  топтың мүшелері, бірқатар көрнекті және беделді саясаткерлер Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жо­ғары бағалады және қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің келе жатқан 25 жылдығымен құттықтап, қазіргі уақытта Қазақстанда сапармен болған топтың мүшелерін жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді. Е.Ыдырысов Британия премьерлерінің атақты резиденциясында Премьер-министрдің кеңесшісі М.Грантпен өткен кездесу барысында екі елдің халық­аралық және өңірлік қауіп­сіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерін және экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеттерді тал­қылады. Е.Ыдырысов Елбасы  Н.Ә.На­зар­баевтың Ұлыбритания Премьер-ми­нистрі Т.Мэйді Астанаға ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесін өткізу кезеңінде Қа­зақ­станға келуге шақыру хатын табыс етті. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуразиялық кеңес (ХҚЕК) – Қамқоршылар кеңесі отырысының ашылуында сөз сөйлеген Е.Ыдырысов жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті сын-тегеуріндері мен қатерлеріне, сондай-ақ Ор­та­лық Азия мен Еуропа елдері­нің өзара іс-қимылының перспек­ти­валық бағыттарына шолу жасады. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне  сайлан­ған алғашқы ел екенін айта отырып, ол ресми Астана «жалпыөңірлік басым­дық­тардың ғаламдық алаңында Орталық Азия басымдықтарын ілгерілету және халық­аралық қоғамдастық ресурстарын Ауған­стандағы тұрақтылыққа жәрдем­десуге баса назар аудара отырып, өңіріміз­дегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатер­лерге қарсы тұруға тарту бойынша белсенді жұмыс істеуге ниетті екенін» атап көрсетті. Қамқоршылар кеңесінің отырысында ХҚЕК қызметінің өткен жылғы есебі тыңдалып, оның алдағы кезеңге арнал­ған ғылыми-ұйымдық жұмысының басым­дық­тары белгіленді. Бұл мәселелерді Кеңес мүшелері екі пікірталас алаңдарында егжей-тегжейлі талқылады, олар: «Еуропа – Ор­талық Азия: саясат, қауіпсіздік және инс­титуттық даму салаларындағы ынтымақ­тас­тықтың келешегі»; Еуропа мен Орталық Азия арасындағы эконо­микалық ынтымақ­тастық­тың мүмкіндіктері мен сын-тегеу­ріндері» деп аталды. Қатысушылар ХҚЕК-тің тұрақты саяси байланыстарды нығайтуға және Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылына мейлінше белсенді ықпал етуге дайын екендерін растады. Лондондағы отырыс ХҚЕК-тің үшінші жыл сайынғы кездесуі болды; алдыңғы кездесулер Брюссель мен Венада өткен болатын. «Егемен-ақпарат»