• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Түймебаев Шымкенттегі жарнама билбордтарын реттеуді тапсырды

269 рет
көрсетілді

Бүгін қала активімен танысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді. Ең алдымен, облыс әкімі Тəуке хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын көпірдің бір жағы пайдалануға берілген болатын. 1 млрд 142 млн теңгеге бағаланған теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан əлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, «Shymkent-City» жобасымен танысты. Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды. Облыс әкімі Шымкент туристік аймақ болғандықтан қаланың келбетіне айрықша мән берілу керектігін атап өтіп, орнатылған жарнама билбордтарын тиісті қалыпқа келтіруді тапсырды. Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орта Азия бойынша ең биік аттракцион орналасқан.