• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2016

Атыраулық азамат жерден, күннен және желден қуат алатын қондырғы жасады

518 рет
көрсетілді

Атырауда желден, күннен және жер астынан энергия өндіретін құрылғы жасалды Атырауда тұратын Ержан Нұр­еденовтің жасы 27-де. Көптен желден, күннен және жер астынан қуат өндіретін қондырғы жасауды ойлас­тырып жүріпті. Жақында жаңа қон­дырғының жасалу жолдарын таныс­тырды. Жас энтузиаст-ғалым қазір идеясын «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясы өткізіп жатқан кон­курсқа да ұсынып үлгеріпті. – Менің қондырғым саманея аға­шына ұқсатылып жасалады. Энергия үш жерден алынады: жер астынан, күннен және желден. Геотермалды қон­дырғы жер астынан жылу шыға­рып қыста орындықтарды жылыта­ды. Қондырғының бұтақтарында күн батарея­лары орналастырылады. Бата­рея­лардың астында жел энергиясын алатын спираль тектес модульді турбиналар болады. Алынған энергиямен жақын маңдағы тұрғын үйлерді жа­рық­тандыруға мүмкіндік бар. Тал­да ор­на­лас­қан шамдар түбіндегі орындық­тарға жарық түсіріп тұрады – дейді жас ғалым. Оның пікірінше, қала көшелеріне қойылатын қондырғыда тұрғындарға пайдалы өзге де функциялар болады. Нақтылай айтқанда, жел жыл­дам­дығын, ауа температурасын, ауада­ғы ылғалдылықты өлшейтін аппарат­тар орналастырылады. Сонымен қатар, Wi-Fi модем, дисплей, дыбыс шығар­ғыштар да қойылмақ. Ержан Нұреденов болашақта үш түр­лі қуат өндіретін қондырғыны көп­теп шығаруды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, сөйтіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосуды армандайды. Өзі ойлап тапқан қондырғысын патенттеп те үлгерген. – Бұл жобамды Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа көрсеттім. Ол бұған үлкен қызығушылық танытты, – дейді ол.  Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ